Соғым — бұл жай ет жиынтығы емес, жанға жылу беріп, отбасын дастарханға жинайтын байырғы дәстүрдің дәмі. Осы ғұрыпты сақтап, оны жақындарыңызбен бөлісу — біздің компаниямыздың негізгі мақсаты.Сізге ыңғайлы болу үшін, біз әр ет бөлігін жеке-жеке дайындап, жинақтадық: қабырға, омыртқа, қаптал бөлігі және басқа да таңдаулы ет бөліктері — бәрі бір қорапқа салынған.
Ет жиынтығының құрамы
Мойын омыртқасы
Қабырға
Бел омыртқа
Қол жіліктері
Жұмсақ ет
Жауырын
Төс ет
Жамбас ет
Сертификаттар мен лицензиялар
Не үшін біз?
Сапа кепілдігі
Halal сертификаттау
Есігіңізге дейін жеткізіп беру
Герметикалық қаптама
Дәстүрлерге беріктік
Клиенттеріміздің сын-пікірі
Отбасылық мерекеге орай тапсырыс берген соғымым, мен күткеннен керемет болып шықты.Еттің сапасы өте жақсы, ыңғайлы қапталған. Ештеңені бөлшектеудің қажеті жоқ. Міндетті түрде тағы тапсырыс берем.
Тамақ істеуді жақсы көретін, бірақ етті әзірлеуге уақыт жұмсағысы келмейтіндер үшін керемет ұсыныс. Бәрі қапталған, бөлшектелген және өте дәмді.
Өндірістік кезеңдер
Малды дайындау: қабылдау және тексеруден өткізу
01
Барлық діни талаптарды сақтай отырып, Halal стандарттарына сай сою
02
Еттен қанды түгелдей алып тастау
03
Малды өңдеу, терісін сылып алу, ішек-қарынды алып тастау және толықтай тазарту (құрғақ және ылғалды жолмен)
04
Еттің балғындығын ұзаққа жеткізу және бүлінудің алдын алу үшін салқындату
05
Қаптауға дайын бөліктерді кәсіби тұрғыда бөлшектеу
06
Сапаны сақтап, ыңғайлы тасымалдау үшін герметикалық қораптарға орау
07
Балғын етті есігіңізге дейін жеткізіп беру
08
Артық қимылсыз тамақ дайындаудан ләззат алыңыз!
Дәл қазір тапсырыс беріңіз
Деректеріңізді қалдырыңыз, біздің менеджер сізбен жақын арада байланысады.
Біз жайлы
"Батыс-НЫҚ" ЖШС - Батыс Қазақстан облысындағы негізгі мал шаруашылығы шоғырланған аудандар тоғысында орналасқан заманауи ет комбинаты. Біз жыл сайын тек іріктелген малды жеткізетін Қазталов, Жаңақала, Бөкей орда, Жәнібек және Ақжайық аудандарының 300 фермерлік шаруашылығымен байланыс орнаттық. Өндіріс жұмысының негізі - 40 қызметкердің үйлесімді жұмысында. Қасапшы, технолог, айырушы, қаптаушы және басқа да кәсіби мамандарымыз үнемі біліктілігін арттырып отырады.
Біздің өндірістік қуатымыз тәулігіне 50-ге жуық ірі қара мен 300 ұсақ мал етін өңдеуге қауқарлы. Өндірістік кешенге ветеринарлық бөлімше, бордақылау цехы және қойма кіреді.
Өндірістің әр кезеңі - шикізатты жеткізуден дайын өнімді шығарғанға дейін - бас технолог пен ветеринарлық дәрігердің жіті бақылауында болады. Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына, сондай-ақ таза және лас аумақты бөлуге аса көңіл бөлінеді. Компаниямыз "Қазстандарт" РМК Халал өнімдерді сәйкестендіру органында аккредиттеуден өтті.
Жеке рефрижераторлар паркінің арқасында жол бойы өнімнің температурасы мен балғындығын сақтай отырып, есігіңізге дейін уақытылы жеткіземіз.
Байланыс нөмірлері
ҚР, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы
Чапаевский ауылдық округы, Чапаев ауылы
Чапаев-Жалпақтал тасжолы көшесі, 1 шақырым, 2 құрылым
mail: batys-nyk@bk.ru